30 қазанда Қарқаралы қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Хабиба Дақынова, жанашырлар координаторы Хызыр Жанарыс, Павлодар облысынан келген және Қарқаралы ауданындағы жанашырлар қатысты.
Жиында бірлестіктің миссиясы мен негізгі жұмыс форматтары таныстырылып, азаматтық сананы нығайту, адами құндылықтарды дәріптеу және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.
Қатысушылар көтерілген бастамалардың маңызын атап өтіп, бірлестік жұмысына қолдау білдірді. Кездесу барысында ортақ іске атсалысып, жанашыр ретінде қатарға қосылуға ниет танытқан азаматтар да болды.
Кездесу Қарқаралы ауданындағы белсенді азаматтармен байланысты нығайтып, қоғамдық маңызы бар бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға жол ашты.