Қарағанды облысында азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық сананы арттыруға бағытталған кездесу өтті.
«Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Х.А. Дақынова «Inno Tech» домофон қызметі ЖШС ұжымымен кездесіп, қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында саналы азамат қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік және қоғам алдындағы азаматтық ұстаным мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, елдің дамуына әр азаматтың қосатын үлесі жөнінде ой бөлісті.
Жиын соңында тараптар қоғамдық бастамаларды қолдау мен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
«Inno Tech» ұжымына қоғамдық бастамаларға қолдау білдіріп, ынтымақтастыққа ниет танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!