Бүгін Жетісу облысы, Алакөл ауданының Екпінді ауылдық округінде «Сенімен Болашақ» РҚБ Құрылтайшысы әрі идея авторы Нұркен Жарылқапұлы Асановтың қатысуымен «Саналы қоғам – сапалы мемлекет» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесу бірлестіктің Алакөл ауданындағы жанашыры, аудандық мәслихат депутаты Салтанат Даутбаеваның ұйымдастыруымен өтті.

Сонымен қатар аталмыш маңызды жиынға Павлодар және Қарағанды облыстарынан арнайы келген Бірлестік жанашырлары Бақұстар Жангозин мен Дулат Омаров қатысты.

Саналы қоғам – әр адамның азаматтық жауапкершілігінен басталады!