Қарағанды қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы ұстаздармен және оқушылармен кездесу өткізді. Іс-шараға 40-тан астам оқушы мен мектеп педагогтері қатысты.
Кездесу барысында облыстық филиал басшысы Хабиба Дақынова бірлестіктің мақсатымен, миссиясымен және негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды. Ол азаматтық сананы нығайту, адами құндылықтарды дәріптеу және өзіне, отбасына, қоғамға жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Бағдарламаның келесі бөлімінде филиал психологі Шакизат Икенова «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» тақырыбында дәріс оқыды. Ахмет Байтұрсынұлының ел болашағына қызмет ету ұстанымын арқау еткен дәріс бүгінгі жас ұрпақтың таңдауы, жауапкершілігі және қоғам алдындағы міндеті туралы ой қозғады. Бұл құндылықтар «Сенімен Болашақ» бірлестігінің миссиясымен сабақтастырылды.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – мектеп ұстаздарының бірлестік ұстанымдарын қолдап, «Сенімен Болашақ» ұйымының мүшелігіне қосылуы. Бұл қадам білім беру ортасы мен қоғамдық бірлестіктің тәрбие бағытындағы ынтымақтастығын нығайтуға негіз қалайды.
«Сенімен Болашақ» Қарағанды облыстық филиалы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жас ұрпақтың азаматтық санасын және рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.