28 қазанда Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне арналған кездесу өтті.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Дақынова Хабиба Аманғазықызы «Ұрпақ тәрбиесінің алтын кілті: Жүсіпбек Аймауытовтың “Тәрбиеге жетекші” ілімі» тақырыбында сөз сөйледі. Ол қаламгердің педагогикалық мұрасына сүйене отырып, бала тәрбиесіндегі ересектердің жеке өнегесі мен жауапкершілігінің маңызын атап өтті.

Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы Досымаганбетова Айзада Сейсембаевна отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Инспектор қауіпсіз отбасылық ортаны қалыптастыру мен өзара сыйластықты сақтаудың мәнін түсіндірді.

Кездесуде баланың дамуына күнделікті қарым-қатынас пен отбасындағы ахуалдың ықпалы сөз болды. Қауіпсіздік, мейірім және құрметке негізделген орта қалыптастыру ересектердің ортақ жауапкершілігі екені айтылды.

Кездесуді ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!