«Сенімен Болашақ» РҚБ Құрылтайшысы әрі идея авторы Нұркен Жарылқапұлы Асановтың қатысуымен өткен «Саналы қоғам – сапалы мемлекет» тақырыбындағы кездесуге 400-ден астам адам қатысты.
Басқосуда қоғамның дамуы, азаматтық жауапкершілік пен ел игілігі жолындағы ортақ міндеттер сөз болды.
Ашық пікір алмасу алаңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, игі бастамалар төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ тағылымды кездесулер легі Лепсі ауылдық округінде жалғасты.
Саналы қоғам құру, әр азаматтың үлесі мен ортақ іске деген адалдығынан басталады.
Бірлік бар жерде береке, жауапкершілік бар жерде, сапалы өзгеріс бар!