«Тектілер ту көтереді» – жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын, қоғамдағы мәселелерді сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде шешуге атсалысатын азаматтарды біріктіретін идея. Біз саналы азамат – сапалы қоғамның негізі деп білеміз. Ал мұндай қоғам ортақ мақсатқа жұмылған бірлік пен нақты әрекет арқылы қалыптасады. «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің 5 жылдық мерейтойына және Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған байқаудың үздіктерін анықтау байынша комисия отырысы өтті. Ақпарат саласының үздіктері «ADYRNA» ұлттық порталының директоры Арман Әубәкір, «Atameken Business» телеарнасының шеф-редакторы Нұржан Сопбеков, «QAZAQSTAN» ҰТА продюсері Гүлвира Бекқұлиева, медиа саласының өзге де тәжірибелі өкілдері мен «Сенімен Болашақ» РҚБ Құрылтайшысы, идея Авторы Нұркен Асанов және «Сенімен Болашақ» РҚБ Төрағасының м.а. Гульшат Серикбекова болды. Комиссия мүшелері материалдарды тақырыптың өзектілігі, мазмұнының сапасы, шығармашылық шеберлігі, қоғамдық маңыздылығы және кәсіби деңгейі бойынша жан-жақты саралап, ашық әрі әділ бағалау нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары мен арнайы жүлде иегерлерін анықтады. Байқауға еліміздің әр өңірінен 45 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Байқау талаптарына сәйкес 33 жұмыс комиссия қарауына ұсынылды. «Тектілер ту көтереді» республикалық байқауы азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың бастамаларын кеңінен насихаттауға және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды кәсіби деңгейде жариялап жүрген журналистердің еңбегін қолдауға бағытталған.