Жетісу облысындағы тағылымды кездесу Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округінде өз жалғасын тапты.

Жиынның негізгі өзегі – саналы қоғам қалыптастырудағы әр азаматтың рөлі, азаматтық жауапкершіліктің маңызы және ел болашағына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосудың мәні.

Тағылымды басқосу Бірлестіктің Алакөл ауданындағы жанашыры, аудандық мәслихат депутаты Салтанат Даутбаеваның ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Айта кетейік, мазмұнды кездесулер ертең Үшарал қаласында жалғасын табатын болады.