Қоғамдық сананы қалыптастыру, адами құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпақ тәрбиесіне ортақ жауапкершілікпен қарау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Осы бағытта «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамға пайдалы, тәрбиелік және ойтанымдық әлеуметтік месседждерді кеңінен насихаттап келеді.

Бүгінде Бірлестік бастамасымен дайындалған әлеуметтік және тәрбиелік мәні бар месседждер Алматы облысында, сондай-ақ Алматы, Тараз, Қызылорда, Павлодар және Балқаш қалаларындағы LED-экрандарда, билбордтарда, «Aqyldy Qala» медиабордтарында, қоғамдық көліктерде және өзге де қоғамдық кеңістіктерде орналастырылуда.

Аталған бастаманың негізгі мақсаты – қоғам назарын азаматтық жауапкершілікке аудару. Қоғамдық кеңістікте берілетін әрбір тағылымды ой мен тәрбиелік месседж тұрғындардың санасына оң әсер етіп, маңызды құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Әлеуметтік месседждер арқылы жауапкершілік, құрмет, отбасылық құндылықтар, білім, тәрбие және адамгершілік сияқты маңызды ұстанымдарды күнделікті өмірде насихаттау көзделеді.