«Саналы қоғам - сапалы мемлекет»
14.07.2026
«Саналы қоғам – сапалы мемлекет»
Ағымдағы жылдың 13 шілдесі күні SHALQAR радиосының тікелей эфиріндегі «Нысана» бағдарламасына «Сенімен Болашақ» РҚБ Құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Жарылқапұлы Асанов қонақ болып, «Саналы қоғам – сапалы мемлекет» тақырыбында ой бөлісті.
Эфир барысында қоғамның сапасы әрбір азаматтың санасы мен жауапкершілігінен басталатыны, отбасы институтын нығайту мен жастар тәрбиесі – жарқын болашақтың берік іргетасы екені кеңінен айтылды.
Сондай-ақ «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің қоғамдағы оң өзгерістерге бағытталған әлеуметтік жобалары, өскелең ұрпақ тәрбиесі, жалпы азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдық белсенділікті дамытуға арналған бастамалары таныстырылды.
Толық сұхбат: https://www.youtube.com/live/gHaiVh7UlLs?si=oBfcnWRC5hKAL-dY
← Барлық жаңалықтар