«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы «Азамат» әлеуметтік жобасы аясындағы биылғы жұмыстарды қорытындылады. Сәуір айында басталған жоба лудомания мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әскери қызметшілер арасында саналы таңдау мен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталды.

Жоба аясында Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінде семинарлар мен тренингтер өткізіліп, қатысушылармен өзекті әлеуметтік мәселелер жөнінде жұмыс жүргізілді. Бұл кездесулер әскери қызметшілердің жеке жауапкершілік, отбасылық құндылықтар және қауіп-қатердің алдын алу мәселелеріне назар аударуына арналды.

Жыл бойғы жұмыстың қорытынды кезеңінде екі фокус-топ және интеллектуалды дебат өткізілді. Фокус-топтарда арнайы сұрақтар арқылы қатысушылардың көзқарастары зерделенді. Бұл жұмыс жобаның бағыттарын бағалауға және алдағы қадамдарды жоспарлауға қажетті пікірлер жинауға мүмкіндік берді. Дебатта қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелдеп, түрлі көзқарастарды талқылады.

«Азамат» жобасын алдағы уақытта да жалғастыру жоспарда бар. Жинақталған тәжірибе мен қатысушылардың пікірлері негізінде оның мазмұнын жетілдіру және жаңа форматтарын қарастыру көзделеді.

Жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінің басшылығы мен жеке құрамына алғыс білдіреміз. Жоба үйлестірушісі Тоқмурзина Индира Жанұзаққызының ұйымдастырушылық еңбегін ерекше атап өтеміз.

Интеллектуалды дебаттың әділқазылар алқасында болған бірлестік жанашырлары Дастан Жақсығали мен Несіпбек Гүлжанарға, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы Досымағанбетова Айзада Сейсамбайқызына ризашылығымызды білдіреміз.

«Азамат» – алдын алу шараларын жүйелі жалғастырып, жауапкершілік пен саналы шешім қабылдау мәдениетін дамытуға бағытталған бастама.