Отбасы күніне орай аймақтағы аналарға арналған «Отбасы: дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында психологиялық тренинг және «Киіз үй құрылымы» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Психологиялық тренинг барысында «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының психологы Шакизат Икенова отбасындағы өзара сыйластық, бала тәрбиесі және дәстүрлерді заман талабына сай жаңғырту мәселелеріне тоқталды.
Қатысушылар бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы жөнінде пікір алмасты.
Шеберлік сағатында Бірлестік жанашыры Жаннұр Төлеубаева киіз үйді құру жолдарын көрсетіп, оның құрылымы мен мәнін таныстырды.
Іс-шара барысында отбасындағы тәрбие баланың қоғамдағы өз орнын түсінуіне, азаматтық санасы мен жауапкершілігінің қалыптасуына ықпал ететіні айтылды.