«Абай онкүндігінен» – «Жүсіпбек айлығына»!

Қыркүйек – ғылым, сана мен ұлттық психология айы.

Тамызда Абай өсиетін ұлықтадық. 10 күн бойы ұлы хәкімнің «Толық адам» концепциясын, терең философиясы мен азаматтық ұстанымын талдап, республика бойынша үлкен ағартушылық толқын қалыптастырдық. Енді осы мазмұнды жолды Жүсіпбек Аймауытовтың мұрасымен жалғастырамыз!

Неге Жүсіпбек?

Абай «Толық адам» болуды өсиет етсе, Жүсіпбек Аймауытов бұл идеяны ғылыми-психологиялық тұрғыдан іс жүзіне асыру тетіктерін ұсынды. Бірлестік ағартушылық бағыт аясында Аймауытовтың «Психология» және «Тәрбиеге жетекші» іргелі еңбектерін қайта басып шығарды.

Сізді бұл айда не күтіп тұр?

  • Авторлық лекциялар: Тұлғалық даму, ішкі еркіндік және эмоцияны басқару.
  • Аймақтық «Жүсіпбек оқулары»: Барлық филиалдарда кітап талқылау клубтары.
  • Мазмұнды контент: Мінезді қалыптастыру, критикалық ойлау және азаматтық сана туралы пайдалы талдаулар.

Тұлғаның ішкі «менін» шыңдап, өз пікірі бар, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыру біздің басты миссиямыз.

Ағартушылық марафонға қосылыңыз!