📞 +7 702 953 20 20 ✉ info@senimenbolashaq.kz 📍 г. Астана, Қонаев көш., 2 Получить помощь
← Назад к Community

Әке тәрбиесі – түгел ұлттың тура жолы

Әке тәрбиесі – түгел ұлттың тура жолы

Алматыда Халықаралық отбасы күніне орай Наурызбай ауданындағы №206 мектеп-гимназияда «Әке тәрбиесі – түгел ұлттың тура жолы» тақырыбында әкелер форумы ұйымдастырылды.

Форумға келген қонақтар қазақтың күйімен қарсы алынып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар қатысушылар қол күресі мен тоғызқұмалақ ойынына қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шараларға белсенді атсалысты.

Жиын барысында оқушылар әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңызын көрсететін тәрбиелік көрініс қойды. Мектеп психологы арнайы тренинг өткізіп, әкенің бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталды. Шақырылған спикерлер әке беделін арттыру, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарын сақтау жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.