Кездесу барысында ұйымның Құрылтайшысы, идея авторы Асанов Нұркен Жарылқапұлы жанашырлықтың қоғамдағы маңызы мен ұйым миссиясын жүзеге асырудағы азаматтардың рөліне тоқталды.
Қатысушылар қоғам игілігі жолындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, жаңа бастамаларға қатысты пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, белсенді азаматтардың өзара байланысын күшейту және қоғамдық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Диалог алаңы қатысушыларға қоғамдық өзгерістердегі өз орнын жаңаша бағамдауға, ел болашағына деген ортақ жауапкершілікті терең сезінуге және жаңа идеяларға серпін алуға мүмкіндік берді.
Бүгінде «Сенімен Болашақ» РҚБ қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосатын жанашыр азаматтарды біріктіріп, бірлік пен ортақ құндылықтарға негізделген қоғам қалыптастыру жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз еліміз үшін!»
«Жаны ашымастың басы ауырмас» атты республикалық диалог алаңында жанашырлар бас қосты
2024 жылғы 20-21 желтоқсанда «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаны ашымастың басы ауырмас» атты жанашырлардың республикалық диалог алаңы өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген бірлестік қызметкерлері, белсенді мүшелері, серіктестері мен қоғамдық іске бейжай қарамайтын азаматтар қатысты. Диалог алаңы ортақ құндылықтарды дәріптеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және жасампаздық мәдениетін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.


