«Сенімен болашақ» РҚБ Алматы филиалының психологы Айгүл Исламбекқызы ойынқұмарлықтың жастар арасында белең алып бара жатқанын айтып, оның адам өміріне тигізетін зиянына тоқталды. Баяндама барысында статистикалық деректер келтіріліп, ойынқұмарлықтың ауқымы жылдан-жылға артып келе жатқаны атап өтілді. Әсіресе жастардың бұл тәуелділіктің құрбанына айналуы қоғам үшін үлкен алаңдаушылық туғызады. Лудоманияның салдары кей жағдайда нашақорлық пен маскүнемдіктен де ауыр болып, адамның өмірлік құндылықтарын өзгертіп, психикалық ауытқуларға дейін жеткізуі мүмкін.
Конференцияға қатысушылар аталған дертпен күресу тек мамандардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Жастарды саналы өмір салтын ұстануға, уақытын пайдалы іске жұмсауға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырған жиын қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Лудомания – қоғам дерті
Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбындағы конференцияда бүгінгі күннің өзекті проблемаларының бірі – лудомания мәселесі кеңінен талқыланды.


